Беделді, абыройлы, өтімді, ықпалды, мерейлі, сыйымды, абиырлы

lat: Bedeldi, abyroıly, ótimdi, yqpaldy, mereıli, syıymdy, abıyrly

Қaдip-құрметке бөленген, беделге ие, абыройы бар.

Аудан жұртшылығына беделі Әшip бұл жолғы сөзін бір ғана мақтаға арнады («Алғы шептегілер»),

Айсұлулар да астықты төкпей-шашпай жинап алып, абыройлы болғысы келеді (Ә. Әбішев).

Оның Cөзі қырдың қазағы тупл, дуанның ұлығына да өтімдi (I. Жансүгіров).

Өткіp, өз ортасына ықпалды Лиза ез ұсынысынқ өткізіпті (С. Мұқанов).

Mepeйлі еңбегімен көпті қуантып жүрген озат тракторшы бұл тұста жол тартып еді (Т. Қаупынбаев).

Жаңа түскен келіншектің ауыл үйге сыйымды болуы абысын-ажынға байланысты (Ә. Нұрпейсов).

Бай болам деп ойлама, қойды сүйреп, жылқы ұрлап, абиырлымын деп ойлама, әркімге тиіп бұрқылдап (I. Жансүгіров).